АҚШ Ресей азаматын кибералаяқтық үшін соттаған

/uploads/thumbnail/20170804114036938_small.jpg

АҚШ соты ресейлік азамат Максим Сенаханы кибералаяқтық бойынша кінәлі деп танып, 3 жыл 10 айға түрмеге қамаған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі америкалық Минюст сайтына сілтеме жасап.

«Айыпты мен оның сыбайластары АҚШ-та мыңдаған зарарлы компьютер желілерін қоспақшы болған», - делінген хабарламада.

Тергеу нәтижесінде ресейлік азамат сыбайластарымен қоса Elbury зиянды бағдарламасын 10 мыңдаған серверге жұқтырған, «миллион доллар» алуға көмектесетін ботнет жасағаны анықталған.

Айта кетейік, 2016 жылдың қаңтарында Финляндия әділет министрлігі Сенахты экстрадициялау жөнінде шешім қабылдаған. Ол 2015 жылдың 8 тамызында Финляндияда ұсталған.

Ресей сыртқы істер министрлігі Сенахтың ұсталғанын «мыстандарды аулау» деп атады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар