Мәскеудің Симоновск соты ресейлік саясаткер, оппозиционер Алексей Навальныйға 300 мың рубль көлемінде айыппұл салды. Навальный 8,9 шілде күндері Мәскеуде митинг ұйымдастырып азаматтарға парақшалар таратқызғаны үшін айыпталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп.
Алексей Навальный бұрындары да санкцияланбаған акцияларды жүргізгені үшін, полицейлерге бағынбағаны үшін, митинг пен шерулер ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.
Мәселен, 2014 жылы Алексей Навальный мен інісі Олег Навальный «Ив Роше» компаниясынан 26 миллион рубль ұрлады деп айыпталып, Алексей 3,5 жыл шартты түрде жазаға тартылса, ағасы 3,5 жылға бас бостандығынан айырылған.
Пікір қалдыру