Қазақстанда педофилдерге 2018 жылдың 1 қаңтар айынан бастап химиялық піштіру әдісі қолданылады. Мұндай мәжбүрлі медициналық шараны екі мәрте қолданады. Түрмеде және босап шыққаннан кейін тұрғылықты жері бойынша емханада деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Время" газетіне сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу 31%-ға төмендеді. Яғни, 531-ден 364-ке. Полиция бөлімінің басшысы Әсет Оспановтың айтуынша, халыққа педофилдердің көбейіп кеткені секілді көрінуі, бала зорлағандарға қатысты ақпаратқа халық арасында резонанс тудырғандықтан деп есептейді.
Пікір қалдыру