Путин келесі президенттік сайлауға түсе ме?

/uploads/thumbnail/20170804152354001_small.jpg

Ресей президенті Владимир Путин кезекті президенттік сайлауға түсу-түспеуі жөнінде ойланып жүргенін мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 2000 жылдан бері Ресей президенті болған Путин 2008-2012 жылдар аралығында премьер-министр болып, билік тағына қайта келген. Көпшілік Путиннің тағы да президенттік сайлауға түсіп, мемлекетті басқарғанын қалайтын көрінеді.

Бурятия республикасы мен Иркутск облыстарындағы орман өрттерін жою барысы жайында өткізілген жиында президенттің алдында өрт салдарынан үйі жапа шеккен тұрғын сөйледі.

«Біздің сізге өтінішіміз бар – келесі президенттік сайлауға сіздің де қатысқаныңызды, сайлауға түскеніңізді қалаймыз», - деді жергілікті тұрғын.

«Жақсы, ойланып көрейін, рахмет», - деп жауап берді Путин.

Бұдан бұрын «Біріккен Ресей» партиясы президенттік сайлауда Путинді қолдайтындарын мәлімдеген.

Ал мемлекет басшысы кезекті сайлауға түсер-түспесін әлі де ойланып жүрген көрінеді. Сондай-ақ, Путин сайлау кампаниясының Конституцияға сәйкес қатаң түрде өтуін қадағалайтынын айтқан.

Айта кетейік, Ресейде президенттік сайлау 2018 жылы өтеді. Сайлауға түсу жоспарлары жөнінде Либералды-демократиялық партиясының басшысы Владимир Жириновский мәлімдеді. «Яблоко» партиясы өз кезегінде үміткер ретінде Григорий Явлинскийді ұсынбақ.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар