Қытай АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкцияларына қарсы шықты

/uploads/thumbnail/20170804152656827_small.jpg

Пекин Ресейге қарсы бір жақты санкцияларға қарсы шығып отыр. Сонымен қатар АҚШ-тың Ресей, КХДР және Иран елдерімен қарым-қатынасында қатаң шектеулер қоюына өз тарапынан қарсылық білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасап.

«Біз түрлі елдердің арасындағы дауларды реттеу ісі өзіне тән құрмет пен тиісті диалог негізінде жүзеге асырылуы тиісті деп есептейміз», - делінген СІМ хабарламасында.

Осы аптада президент Дональд Трамп Ресей, Иран және КХДР-ға қарсы жаңа санкциялар енгізілген заңнамаға қол қойған болатын. Бұл санкциялар 2014 жылдан бері ең ауқымды болып табылады. Ол ресейлік экономикаға қарсы секторалды санкцияларды нығайтып, энергетикалық жобаларда шектеу қояды.

Президенттің ветосын еңсеру үшін конгресс жеткілікті дауыс жинаған және Мемлекет басшысы заң жобасына қол қоюға мәжбүр болды. Трамп өзі қол қойған құжатта конституциялық емес ережелер бар екендігін айтып, АҚШ пен Ресей қарым-қатынасының нашарлап кеткендігіне конгрессты айыптады.

Сонымен қатар, Трамптың айтуынша, жаңа санкциялар Ресей, Қытай және КХДР елдері арасын жақындастыруы әбден мүмкін.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар