Украина құқық қорғау органдары Одессада теракт ұйымдастырды деген күдікпен екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Мәліметтерге қарағанда, 24 маусым күні Одесса орталығында автокөлік жарылған. Кейін белгілі болғандай автокөлік ішінде 600 граммдық жарылғыш құрылғы болған. Сол күні жергілікті құқық қорғау огандары Донбасс маңынан екі күдікті ер адамды ұстады.
Ұсталғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Осы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Пікір қалдыру