Қырымда Ресей басшысы туралы кинокомедияның түсірілімі басталды

/uploads/thumbnail/20170804155343255_small.jpg

Ялтада «Президенттің демалысы» кинокомедиясының түсірілімдері басталып кетті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті мәліметке сүйенсек, фильмнің сюжеті мынадай: Кремльде Владимир Путиннің сыңары қалған уақытта президент жалғыз өзі Қырымға аттанып, күйбелең тіршіліктен тынығады, халықпен араласады. Оның демалысы жөнінде ешкім сезіктенбес үшін гримшілердің қызметіне жүгінеді.

Президент Владимир Путиннің сыңарының рөлі Дмитрий Грачевқа бұйырды, ал гримделген «нағыз» президенттің рөлін Гоша Куценко сомдайды.

Кинокомедияға Настасья Самбурская, Олег Васильков, Евгений Сидихин, Дмитрий Дибров, Анна Цуканова және өзге де ресейлік актерлер шақыртылды.

Кинокартинаны 2018 жылдың қаңтарынан бастап тамашалауға болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар