Үйінен кетіп қалған 13 жастағы семейлік қыз Астанадан табылды

/uploads/thumbnail/20170804155453087_small.jpg

Осыдан екі ай бұрын Семейде жоғалып кеткен 13 жастағы қыз Астанадан табылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz мәліметіне сүйеніп.  Деректер бойынша, жасөспірімге еш зиян келмеген.

13 маусым күні жекежайға барған қыз үйіне оралмаған. Артынша қыздың  ата-анасы полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Сол уақыттан бері құқық қорғаушылар  қызды іздестірумен болған.

ШҚО ІІД-нің мәліметі бойынша, қыз үйінен өз еркімен кетіп қалған.

Тағы бір мәліметтер бойынша, жасөспірім өзінің сүйіктісімен Астанаға қашып кеткен.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар