Қазақстан тұрғындары Алакөлге пойызбен бара алатын болады

/uploads/thumbnail/20170804161514663_small.jpg

Келесі туристік маусым басталғанға дейін Өскемен-Шар-Жалаңашкөл станциясы теміржол қатынасы іске қосылады. Бұл туралы демалушыларға ШҚО әкімі Даниал Ахметов Алакөлге жұмыс сапары барысында айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі  ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

«Көлік қатынасымен байланысты барлық проблемаларды шешеміз. Солтүстікқазақстандықтардың Алакөлге дейін сапарын ыңғайлы ету үшін барлық шаралар қолға алынады», - деді Даниал Ахметов.

Бұдан басқа, Жалаңашкөлден Алакөлге дейінгі жол жөнделеді. Бұл елдің оңтүстік өңірінің тұрғындарына демалыс орнына дейін барынша жылдам жетуге мүмкіндік береді.



Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар