Шымкент қаласының 300-ден астам көшелеріне тарихи атаулар берілмек

/uploads/thumbnail/20170804161513072_small.jpg

Шымкенттегі 300-ден астам көшеге тарихи атаулар берілмек. Қаладағы Абай, әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарындағы жаңа көшелерге атау беру жөніндегі ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ономастика комиссиясы қолдады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасының» талаптарына сәйкес, бүгінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көше тұрғындарының келісімі алынған. Алдағы уақытта аталған ұсыныстар облыс әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес пен облыстық қоғамдық кеңестің қарауына енгізілмек. Тиісті келісімдер алынғаннан кейін облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсынылады.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында 2129 көше бар. Соның ішінде идеологиялық тұрғыдан ескірген 39 және нөмірленген 79 көшенің атауын ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту бағытында жергілікті әкімдік жүйелі жұмыстар атқарып келеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар