Қызылорда облысында бір жарым ғасырға жуық жер астында көмулі жатқан қасиетті кітап табылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасай отырып.
19-ғасырға тиесілі құнды жәдігер Жалағаш ауданындағы Мырзабай әулие мазарының маңын қазған кезде шыққан. Өз заманының әулие, емшісі болған ахун Мырзабай Азаматұлы 1833 жылы Сыр өңірінде өмірге келген. Көне кітапты баба қорымын қайта жөндемек болған ұрпақтары тауып алды. Сол уақытта қазақ жерінде азаттықтың таңы ататынын айтып кеткен әулие қасиетті Құран кітабын аласапыран заманда өзі көмгенге ұқсайды. Мұқабалары шіріп, парақтары жыртылғанмен, жазулары анық сақталыпты.
«Балам екеуміз мешіттің ішіне жөндеу жұмыстарын жасап жатқан болатынбыз, бір бұрышты қазып жатқанда бір кітапты көзім шалды. ал Құран кітап екен. Кітап өте ескі. Бір жарым ғасыр жер астында жатқандықтан кітаптардың көбісі шіріген, ал жартасының жазулары анық көрінеді. Кітапта не жазылғанын ғалымдар анықтап берсе екен»,- дейді Мырзабай әулиенің шөбересі Ораз Салқашұлы.
Пікір қалдыру