Мысырда қолға түскен алты азамат елге оралды

/uploads/thumbnail/20170805100536409_small.jpg

2  тамыз күні қазақстандық дипломаттар Мысырда тұтқындалған 6 азаматты Каир әуежайынан шығарып салып, елге қайтарды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.

1 тамыз күні Мысырдың ұлттық қауіпсіздік қызметі Қазақстан елшілігімен байланысқа шығып сол елде ұсталған алты қазақстандықтарды елге қайтаратындығын айтқан.

Қазақстан елшісі дереу әуежайға барып, отандастарымызбен кездескен. Мысырда қолға  түскен алты отандасымыз елге аман-есен оралды.

«Қазақстнадық алты азамат бүгін Мысырдан өз еліне аман-есен оралды. Қазір олар өз үйлеріне ­туыстары мен жақындарына бара жатыр», - деп жазды Әнуар Жайнақов өзінің Facebook парақшасына.

Естеріңізге сала кетсек, екі апта бұрын Мысырда біздің алты отандасымыз жоғалып кетті деген ақпарат тараған. Кейіннен оларды полиция қызметкерлері тұтқындап алып кеткендігі белгілі болды. Алайда ,оларды қандай себеппен тұтқындағаны әлі күнге дейін белгісіз.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар