Мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салманға шабуыл жасалды

/uploads/thumbnail/20170807092652633_small.jpg

FARS агенттігінің мәліметінше, ханзадаға ешқандай зақым келмеді. Ал шабуылды ұйымдастырушы тұтқындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сауд Арабиясындағы таққа талас соңғы уақыттары өте қатігез түрде жүріп жатыр. FARS араб елдеріндегі дерек көзге сүйеніп, шабуылды саудиялық ханзадалардың бірі жасағанын хабарлады. Ұйымдастырушының есімі аталмай отыр.

Өткен айда «Аль-Рэй аль-Юм» газеті  «82 жастағы Салман алдағы 5 айда биліктен кетеді» деп жазған болатын. Таққа ең бірінші оның 31 жастағы баласы отыруы керек. Десек те, бұған дейін патшаның інісі Мұхаммед бен Найеф патшаның орнына келеді деп күтілген. Таққа жаңа үміткер пайда болғанда Бен-Найеф үй қамаққа алынды.

Араб елдеріндегі БАҚ-тың хабарлауынша, Сауд Арабиясының қазіргі патшасы жолдауын дайындап қойған. Онда өзінің ұлына билікті тапсыратынын хабарлауы мүмкін.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар