КХДР-ның СІМ басшысы Ли Ён Хо Манилада оңтүстік кореялық әріптесі Кан Гён Хвамен кездесті. Ли Ён Хо Сеулдің екі жақты қарым-қатынасты жақсарту туралы ұсынысын қабылдамай тастады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап.
Екі министрдің кездесуі Шығыс Азия саммитіне қатысатын жергілікті министрлер кездесуі аясында өтті.
Кан Гён Хванның Оңтүстік Корея президентінің екіжақты қарым-қатынасты түзету туралы ұсынысын қабыл алуға шақуыруына Ли Ён Хо «Оңтүстік Кореяға шынайылық жетіспейді», – деп жауап берген.
Бұған дейін оңтүстік кореялық көшбасшы Германияға сапарында КХДР мен Оңтүстік Корея арасындағы әскери өкілдер келіссөздерін қайта жүргізуді ұсынған. Осыдан кейін Сеул Пхеньянға нақты ұсыныстар мен келіссөздер уақытын белгіледі. Алайда Солтүстік Корея тарапынан оң қадамдар болмады.
Пікір қалдыру