Қасиетті Түркістан қаласында жезөкшелер ордасы құрықталды

/uploads/thumbnail/20170807114058832_small.jpg

Еліміздің қасиетті қалаларының бірі Түркістан қаласында жезөкшелер ордасы құрықталды, деп  Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Бұл жайында қалалық прокурор Руслан Әбдірайымов мәлім етті.

«Қасиетті Ораза айында ауызашарда қаламызға белгілі Ж.Әзіретбергенов ақсақал өз сөзінде: "Жезөкшелікті тыйсаңдар болар еді!" деп пікір айтқаны бар. Жалпы Киелі Түркістан – рухани астанамыз екені баршаға белгілі, жекелеген салада рухани байлығымызға тән келмейтін жағдайлар қоғамда орын алып жатады. Соның бірі – жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар. 05.08.2017 ж. Түркістан ҚІІБ-мен осындай притон анықталып, ҚК-нің 309 бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (бұл баппен кінәлінің мүлкін тәркілеп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген). Бұл соңғы айда анықталып отырған 2-ші факті, бұл бағытта жұмыстар жалғасуда», – дейді прокурор Руслан Әбдірайымов.

Белгілі болғандай, ІІБ қызметкерлері 5 тамыз күні Түркістан қаласындағы жезөкшелер притонын құрықтаған. Сол күні бұл притон жабылып, полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын дереу бастап кеткен.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар