Қазақстанның экспорттық әлеуеті: өндіріс саласы баяу жаңаруда

/uploads/thumbnail/20170811091716013_small.jpg

Сарапшы пікірі

2017 жылы Қазақстанда Жаңғырту 3.0 экономикалық жаңарулардың жаңа толқыны басталған болатын, оның басты мақсаты елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен әлемнің ең дамыған 30 елі қатарына кіру. Экономикалық жаңарулардың басым бағыттарының бірі мемлекеттің жылдамдатылған технологиялық жаңғыруы болып табылады. Дәл осы технолгиялық жаңғырту өзге салалардың дамуына серпін береді.

Соңғы жылдары Қазақстандағы технологиялық жаңғыртудың қарқыны қуаттылық құрылымдарын өзгертіп, шикізаттық моделді алдын-алуға қауқарсыз болып келді. Отандық өндіріс саласы өндеу әл-ауқаты бойынша күрделі шектеулерге тап болуда.

Қазіргі уақытта көптеген салалар бойынша жүктелмеген қуаттылық мөлшері төмен деңгейде. 2016 жылы 90 бен 99,9% аралығындағы жүктелу қуатының деңгейі небары өнімнің 15 түрі бойынша тіркелді, 50-ден 90% дейін – өнімнің 65 түрі бойынша, ал 10 мен 50% ‑ өнімнің 150 түрі бойынша.

Жүктелу деңгейінің жоғарғы көрсеткіштері негізінен кен игеру саласына жатады: шикі мұнай табиғи газды шығару  – 82,1%, металл рудаларын қазу – 71,5%.

Көбінде тұтынушылық маңызы бар кәсіпорындар жүктелімі аз  болып келеді. Азық-түлік өндірісінің жүктелімі орта есеппен 40% шамасында болса, өзге салалар бойынша бұл меже 20%-ға төмен. Қуат жүктелімі аз болудың себебі шикізат сапасына және нарыққа шығару мәселесіне қатысты.

Қуат жүктелімінің төмендігінен ауыл шаруашылығының қосылған валдық бағасы (ары қарай - ҚВБ) ауыл шаруашылық тауарларын өндеу ҚВБ-дан 3 есе артық. Мысалы үшін: Нидерландыда көлемі жағынан әлемде екінші орында тұрған ауыл шаруашылық тауарларын экпорттаушыға агротауарлық өндіріс ауыл шаруашылық өндірісінен 2,5 есе көп.

Көлік құрастыру саласының өндірістік әл-ауқатының да жағдайы күрделі – бұл кәсіпорындарды қажетті құралдармен қамтып, өндірістегі ғылыми-техникалық үдерісті қамтамасыз ететін сала. Қазақстанда көлік құрастыру саласының өнімдеріне деген ішкі сұраным негізінен импорт есебінен қанағаттандырылады. Импорт жалпы өнімнің 90% қамтиды. Металлөңдеуші ірі кәсіпорындар төменгі шектегі өнімді шығарумен ғана шектеледі. Кіші және орта кәсіпорындар үшін жоғары технологиялы сапалы өнім шығару үшін ғылыми зерттеулер жетіспейді.

Өндірістік қуаттылық жүктелімінің аз болу себебі ретінде келесі жайттарды атап өтуге болады.

Біріншіден, 2011-2015 жылдары экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша жаңа құралдардың үлесі 20%-дан аспайтын.

Жаңару процессі көлік құралдарын, трейлер мен жүк тиегіштер, сонымен бірге, резеңке және пласмассалық өнім шығару өндірісінде қарқындырақ жүріп жатты.

Секторлар ішінде былғары өндірісі жаңа қуат көздерімен аз қамтылған, орта есеппен жаңару коэффициенті небары 1,4%-ды құрайды.

Барлық секторлар бойынша жаңарудың төмен коэффициенті болуы себебі кәсіпорындардағы құрылғылардың дер кезінде жаңартылмауында. Ескірген технологиялық тізбекке қосылған жаңа көліктер күтілген нәтижеге алып келмеуі де мүмкін. Жаңаруға деген төмен серпіндер елдің өндірістік бағытта артта қалуына әкеп соғады.

Екіншіден, ескірген және істен шыққан қуат көздерін жою ауқымдылығы да төмен деңгейде. Жалпы алғанда өндіріс салаларында қуаты көзінің небары 2%-ы ғана жойылған, тері өнімі, резеңке және пластмасса өндірісін есептемегенде. Жою ауқымдылығының төмендігі өндірісте істен шыққан және ескірген құралдардың көп болуына себепші болады.

Үшіншіден, негізгі құралдардың ескіру деңгейінің жоғары болуы. Негізгі құралдардың ескіру деңгейі жаңару коэффициентінен әлдеқайда көп. Шағын салаларда бұл көрсеткіш 23,3% (химиялық өндіріс) бастап 65,2% (уөмір мен лигнит қазу) дейін жетеді. Тері өндірісінде, азық-түлік өндірісі мен металлургиялық өндірісте негізгі құралдардың ескіру үлесі 40%-ды құрайды.

Қуаттылық жүктелімінің аздығынан қорға қайтару үлесінің төмендегенін байқауға болады. Осылайша, 2011 жылы негізгі құралдардың 1 теңгесі баланстық құн бойынша 1 теңге 51 тиынға тең болса, 2015 жылы – 1 теңге 45 тиынға тең еді.

Өнім әлдеқайда жоғары баға қосып шығаратын өндеу өндірісі қаржыландырудың аздығынан зардап шегуде. Тұтынушылар тауарын өндеумен айналысатын жеке кәсіпорындар  қаржылық қолдауға мұқтаж, бұл өз кезегінде технологиялық серпіліс жасап, экспорттық нарыққа шығуға шектеу қояды.

Инвестицияның негізгі көлемі қазба жұмыстары өндірісіне негізделген. 2016 жылы тау-кен өндірісі саласына 63% инвестиция тартылса, өндеу өндірісіне небары – 20% құйылған.

Қуаттылықты арттыру үшін кредиттік көдердің төмен қолжетімділігі мен қымбаттылығы да себепші. ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 2016 жылы өндеу өндірісіне тиесілі үлес көлемі жалпы кредиттің портфельдің 9% кредитін құраған, ал сауда үлесіне 20%-дан астам бөлінген.

Солтүстік-Шығыс Азияның дамыған елдерінде «жас өндірісті» қорғау, ішкі нарықтағы бәсекелестікті қолдау мен жолы болмағандарды іріктеу секілді шаралар нәтижелі шаруа болып үлгерген.

Қысқа мерзімде өндіріс саласының барлық шоғырлары бойынша жаңғырту жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Негізгі басымдылықты әлемдік нарыққа шыға алатын қоры бар салаларға, сонымен бірге, аралық салалардың жұмысын шектейтін өндірістерге берілу керек.

Айжан Мұқышбаева

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар