Бангладеште су тасқынынан шамамен 60 адам қаза тапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме беріп. Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, төпелеген нөсер де толас таппай тұр.
Өткен аптада Үндістан, Непал және Бангладеште басталған ақ жауын салдарынан Ганг өзені арнасынан асып, елді мекендерді су басты. Жексенбі күні Динаджпур округінде 23 адамның апаттан қайтыс болғаны тіркелген. Елдегі 64 округтің 13-і су тасқынынан зердап шеккен. 500 мың адам уақытша баспаналарға орналастырылды.