Америка мен Солтүстік Корея арасындағы шиеленіскен байланыс АҚШ пен Жапония арасындағы әскери келісімнің нығаюына себеп болды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Голос Америки мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
«Солтүстік Кореямен арадағы күрделі мәселеге байланысты АҚШ пен Жапония арасындағы әскери ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, Жапониядағы Америка әскерінің күш қуатын арттыруды жоспарлап отырмыз», – деп мәлімдеді АҚШ-тың Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис.
Ағымдағы аптада Солтүстік Кореялық БАҚ беттерінде елдің көшбасшысы Ким Чен Ын «уақытша» баллистикалық зымыран ұшыруды тоқтататыны туралы хабарланған болатын.
Сонымен қатар, Пхеньянның сес көрсетуі Жапония мен АҚШ өкілдерінің кездесуі барысында басты қозғалған тақырып болды. АҚШ жағынан келіссөзге елдің қорғаныс министрі Джеймс Мэттис пен Мемлекеттік департамент басшысы Рекс Тиллерсон қатысты.
Келіссөздер нәтижесінде АҚШ Жапония жеріне өзінің ең күшті, заманауи қаруларын орналастырады. Ал оған жауап ретінде Жапония өзінің қорғанысын күшейтеді.
Жапонияның Сырты істер министрі Теро Кононың айтуынша, Жапония алдағы уақытта Шығыс Азиядағы қорғаныс саласындағы кемелерге 500 миллион доллар жұмсамақшы.
Айта кетсек, алдағы дүйсенбіде АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әскерилері бірлескен оқу-жаттығуларын өткізеді.