Оңтүстік Судан тұрғындары елдерін тастап қашуда

/uploads/thumbnail/20170818132747964_small.jpg

Оңтүстік Судан халқы соғыстан қауіптеніп, басы ауған жаққа босып жатыр. Бір ғана көрші Угандаға бас сауғалаған босқындар саны 1 миллионнан асып кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рамблер-ге сілтеме беріп. Бұл мәліметті БҰҰ жария еткен.

Халықаралық қауымдастық өкілдері тағы миллионнан астам Оңтүстік Судан азаматының өзге көрші мемлекеттерге өткенін айтады. Жағдайдың бұлай ушығуына елдегі азаматтық соғыс себеп болып отыр. Елде үкімет жасағы мен вице-президент жақтастары арасындағы қарулы қақтығыстың жалғасып келе жатқанына 4 жылға таяп қалды. 2015 жылы тараптар бейбіт келісімге қол қоймақ болған еді. Алайда бұл әрекеттерінен ештеңе шықпаған.


Қатысты Мақалалар