Ливан әскері содырларға қарсы әскери операция бастады

/uploads/thumbnail/20170819101335164_small.jpg

Ливан әскері Сириямен шекаралас Рас Баальбек қалашығының маңында бекінген «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымы содырларына қарсы әскери операция бастады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір сарбаздар содырлардың қолында болған бірнеше жотаны бақылауына алды. Ауыр артиллериямен соққы кезінде лаңкестердің бірнеше танкісі мен біраз техникасы жойылған.

Айта кетейік, өткен айдың соңына таман Ливан әскері мен «Хезболла» тобының жасақтары Эрсаль аймағында әрекет еткен «Джебхат ән-Нусра» лаңкестік ұйымының содырларына қарсы арнайы операция жүргізіп, жеңіске жеткен. Бірнеше күнге созылған ұрыстан кейін лаңкестер жанұяларымен бірге Ливан аумағынан Сирияның Идлиб аймағына қарай кететін болып келіскен.

Қатысты Мақалалар