Қызылордада 5 баласы тастап кеткен қарт ана 45 жыл қорлыққа төзіп келген

/uploads/thumbnail/20170819101731841_small.jpg

Қызылордада 65 жастағы Төлеш Құйрықбаева «Қамқорлық» атты дағдарыс орталығына келіп түскен. Зейнеткердің айтуынша, ол 45 жыл бойы күйеуінің тарапынан қорлық пен мазаққа төзіп келген. Оның 5 баласы бар, алайда олардың біреуі де анасына қамқорлық жасай алмайды екен деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасай отырып.

«Менің ешкімім жоқ, өзім балалар үйінде тәрбиеленгенмін. Балаларым несие алып беруімді өтінген соң, алып бергенмін. Үйлерінің шатырын ауыстырып беруімді сұрады, оны да ауыстырып бердім, тек солардың жағдайы жақсы болса болды. Ал, енді олардың ешбірінің маған қамқорлық жасауға жағдайлары келмейді, аналарына көмек көрсете алмайды ешбірі. Өмірде бір қатты қуанған кезім болмаған. Алайда, мен берілмеймін, біреудің үйін жинап, көрпе тігу керек болса да, кәсіп қыламын», –дейді қарт ана.

Соңғы жарты айдың ішінде аталмыш орталыққа туыстары бас тартқан 4 қарт әже келіп түскен. Олардың біреуін туыстары тауып алып кетті. Қалғандары қарттар үйіне орналасу үшін құжаттардың рәсімделуін күтіп отыр.

Дағдарыс орталығының директорының айтуынша, қартайған ата-аналарынан бас тарту бүгінгі қоғамда қалыпты жағдайға айналып бара жатыр. Көпшілік жастар өздерінің ата-аналарына қамқорлық танытқылары келмейді. Қазіргі таңда, облыстық қарттар үйінде 160 қария тұрады, олардың 101-нің бала-шағасы бар.

«Осы уақытқа дейін екі әже осында тұрып қалыпқа түсіп, өмірге бейімделе бастады. Қазір мемлекеттік жауапты тұлғалармен жұмыс жасап жатырмыз. Кейіннен үш апаның біреуі қарттар үйіне тапсырылады. Бәлкім, біреуінің жолы болып, үйіне оралып, жақсы өмір сүріп қалар деп үміттенеміз», – дейді «Қамқорлық» орталығының директоры Жандос Тұсмағамбетов.

Қатысты Мақалалар