Шымкентте құтырудан 3 адам қайтыс болды

/uploads/thumbnail/20170819103814990_small.jpg

Шымкентте құтыру дертінен үш бірдей тұрғын қайтыс болды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі 31-арнасына сүйеніп хабарлайды. Олардың бәрі де ит тістегеннен кейін дәрігерге қаралмаған.

«Бізге Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Жаңаталап ауылында 1995 жылғы жігіттің құтырудан қайтыс болғаны хабарланды. Бұл дерекке қатысты біздің тараптан қазір эпизоотлогиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Оны тістеген ит қазір бақылауымызда. Оны он күн бойы тексеріп көреміз», – дейді ОҚО бойынша ветеринариялық инспекция бөлімінің басшысы.

40 жыл бойы мал дәрігері боп жұмыс істеп жүрген Ошанбай Жолдасов тұрғындардың үй жануарларына салғырт қарайтынын айтып отыр. Яғни, дер кезінде түрлі аурулардың алдын алатын тегін екпелерді ектірмейді екен.

Қатысты Мақалалар