Толассыз жауған жауыннан Қытайдың оңтүстігінде Гуанси-Чжуан автономдық ауданында 10 адам қаза тауып, 192,4 мың тұрғын үйсіз қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.
12 тамызда басталған жауын-шашын бірнеше күн қатарынан тоқтаусыз жауған. Жергілікті билік 11 мыңнан аса адамды қауіпсіз жерлерге көшірді. Ауа райының қолайсыздығынан кейбір елді мекендер жарықсыз қалды.