Ресейдің әскери-ғарыш күштері «Ислам мемлекеттері» террористік тобының Сириядағы Дейр эз-Зор ауданына бағытталған коллоннасының көзін жойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасап. Бұл жайында Ресейдің Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.
«Ресейдің әскери-ғарыштық күштері Сирияның Дейр эз-Зор ауданына қарай бағыт алған «Ислам мемлекеттері» террористер тобының бір коллонасының көзін жойды. Ол жерде халықаралық террористер топтасып, Сириядағы соңғы тұғырды жабдықтауға тырысқан», - делінген хабарламада.
Ресейлік әскери ведомстваның мәліметіне сәйкес, әскери-ғарыш күштері үлкен калибрлі қарулар, құрылыс ерітінділері және де бротехникамен жабдықталған 20-дан астам жоғары жылдамдықты көліктерді, танкілерді қиратқан.
«Сонымен қатар, 200-ден астам содырлар мен оқ-дәрілер салынған жүк көліктерінің көзің құртты», - деп мәлімдеді Ресей Қорғаныс министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, «Ислам мемлекеттері» террористік тобының Дейр эз-Зор ауданында күйрей жеңілуі Сириядағы халықаралық лаңкестік топтардың стратегиялық жеңіліс табуы болып табылады.