Иран соты Вашингтоннан 245 миллион доллар көлемінде өтемақы төлеуді талап етіп отыр. Өтемақы 1980-1988 жылдары болған Иран-Ирак соғысы кезіндегі Саддам Хусейннің химиялық шабуылынан Иран жұртының зардап шегуіне байланысты болып отыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі farsnews.com мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Айта кетсек, 1980-1988 жылдары Саддам Хусейннің әскері көрші мемлекетке химиялық шабуыл жасаған. Шайқас Иранның Хузестан провинциясында жүрген. Шабуыл Иранның мұнайлы аймағына жасалған.
АҚШ Иран-Ирак соғысында Иранның жағында болып, көмек көрсеткен. Ирактың шабуылынан Иран жұрты біршама зардап шеккен. Иранның сот органдары АҚШ-ты жапа шеккендер алдында кінәлі деп танып, 245 миллион доллар көлемінде өтемақы сұрап отыр.