АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери жаттығуын бастады

/uploads/thumbnail/20170821093056069_small.jpg

АҚШ пен Оңтүстік Корея 10 күндік бірлескен әскери жаттығуларын бастайды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ria.ru-ға сілтеме жасап. Әскери жаттығу "Ыльчи — Фридом гардиан" (UFG) деп аталады. Бірлескен жаттығу КХДР-дың ашуын келтіріп отыр.

Өткен аптада Кореяның Қорғаныс министрлігі жаттығудың жоспарын жариялаған. АҚШ пен Корея аталмыш оқу-жаттығу қорғанысты күшейту мақсатында жасалып жатыр дегенмен, Солтүстік Корея мұны қатаң сынға алып, соңы жаман аяқталуы мүмкін екенін ескертті.

Пхеньян бұл жаттығудың түпкі мақсаты Солтүстік Кореяға кіру екеніне сенімді.

«Осы жылы әскери жаттығу өткен жылғыдағыдай ауқымды болады» деді Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб басшылары қарулы күштері комитетінің өкілі.

Айта кетейік, 2016 жылы UFG жаттығуына 25 мың американдық әскери қызметкер қатысты.

Қатысты Мақалалар