Ғалымдар күндіз қай уақытта ұйықтаған тиімді екенін айтты

/uploads/thumbnail/20170821104855792_small.jpg

Күндізгі уақытта небәрі жарты сағат уақытта екінің бірі ұйықтап үлгермейді, тіпті уақыт таппауы да мүмкін.  Қанша шаршасаң да кейде  көз шырымын алуға мүмкіндік болмайды. Ал осы уақытта ұйықтауға, тынығуға уақыт табатын адамдар шын мәнінде өздерінің  денсаулықтарына тиімді артықшылықтарға ие болады.

Ғалымдар күндіз көз шырымын алуға дәл уақытты тапты деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі. Түскі 15:00 адам ағзасының тынығуына мінсіз уақыт деп табылды. Алайда бұл уақытта тек 20-30 минут қана ұйықтау керек. Егер бұдан көп уақыт ұйықтасаңыз терең ұйқы сатысына түсіп, нәтижесінде өзіңізді нашар сезінесіз. Сонымен бірге түнгі  ұйқы кезінде қиындықтар туындауы мүмкін.

Ғалымдардың айтуынша, шектен тыс ұйқы да – аса зиян. Алайда организм қажетті мөлшерде тынықпаған соң, адам миы дұрыс жұмыс істемейді, түрлі ауруларға шалдығу қаупі туындайды.

Қатысты Мақалалар