Сирияның екі азаматы Қазақстан арқылы Болгарияның құжаттарымен Ұлыбританияға ұшып кетпек болған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰҚК шекара қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Астана» шекаралық бақылау бөлімі Астана-Лондон бағытындағы рейсте жалған төлқұжатпен ұшып кетпек болған екі сириялық азаматты құрықтады. Тексеріс кезінде олар болгар азаматы деген құжатты көрсеткен.
Құжаттар ішінара қолдан жасалған. Қолға түскен азаматтардың айтуынша, олар Ұлыбританияға өмірлерін жақсарту үшін ұшып кетпек болған.