Сирия президенті Ресей мен Иранға алғысын жаудырды

/uploads/thumbnail/20170821124207835_small.jpg

Сирия басшысы әскери жетістіктерге Дамаск одақтастарының арқасында жеткенін мәлім етті.

Сирия президенті Башар Асад Дамаскінің Батыс жоспарларының күл талқанын шығара алғанын мәлім етті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті DW порталының мәліметіне сүйенсек, сириялық басшының айтуынша, алты жылға созылған азаматтық соғысқа әлі күнге дейін нүкте қойылған жоқ.

«Соғыс жалғасып жатыр. Шайқастың соңы не болмақ, жеңіс жайында қашан сөз қозғаймыз, бұл – шешімін таппаған үлкен мәселе», – деді Асад.

Сондай-ақ, Сирия президенті «Әскери жетістіктер» мен «Соғыс салдарынан келген шығындар мен қиындықтарды жеңілдету» Дамаск одақтастарының арқасында жүзеге асқанын айтты.

Олардың арасында Ресей, Иран және Хезболлах деп аталатын ливандық радикалды шейіттер қозғалысы бар.  

Одан бөлек, Асад Сириядағы ушыққан аймақтарды тоқтатуды көздеген халықаралық күштерді қолдайтынын жеткізді.

Қатысты Мақалалар