Қырғызстан Премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков президенттікке үміткер ретінде ресми түрде тіркелді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп хабарлайды.
Қырғызстанда осы жылдың 15 қазанында Алмазбек Атамбаевтің президенттік өкілеттілігінің бітуіне байланысты келесі президенттік сайлау күтілуде. Конституцияға сәйкес президент алты жылға сайланады. Бір адам өмірінде тек бір рет қана президент қызметін атқара алады. Үміткерлердің ұсынылуы 1 тамызда аяқталып, қазіргі уақытта олардың саны 50-ді құраған.