Алматы полицейлері кезекті тексеру кезінде бірнеше күн бойы мас анасымен бір үйде жүрген кішкентай баланы тапқан деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі patrul.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісу ауданының полицейлері бұл отбасын біледі. Баланың анасы әркез енді ішпейтінін айтып ақталады екен. Расымен де әйел бірнеше уақыт ішуін тоқтатып, жұмысқа тұрған. Алайда бірнеше уақыттан кейін ескі әдетіне қайта басқан.

Кішкентай бала полицейлерге осы уақытқа дейін тек нан, сумен ғана қоректеніп жүргенін айтқан. Қазір баланың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ол қазір Алматыдағы балалар үйінде.
