Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметі жанындағы ЖҒТК-ның кезекті отырысын өткізді

/uploads/thumbnail/20170804113925710_small.jpg

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның (ЖҒТК) кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Отырыс барысында қазіргі кездегі ғылымды дамытудың басымдықты бағыттары, сондай-ақ ғылымды одан әрі қаржыландыру мәселелері мен елімізде фармацевтикалық кластерді дамыту мақсатында әзірленген ҚР БҒМ-нің «2018-2020 жылдарға арналған бірегей дәрі-дәрмектерді әзірлеу мен оларды зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру» бағдарламасының ғылыми-техникалық жобасы талқыланды.  

Еске сала кетейік, Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия ҚР Үкіметінің қаулысымен 2011 жылғы 20 сәуірде құрылған және ол – ҚР Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган. ЖҒТК отырыстары қажеттілігіне байланысты жылына кем дегенде екі рет өткізіледі.

Қатысты Мақалалар