Тынық мұхитында 1945 жылы жоғалып кеткен кеме табылды

/uploads/thumbnail/20170821131250732_small.jpg

Американдық "Индианаполис" ауыр крейсердің сынықтары 72 жыл өткеннен кейін табылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. Кеме 5,5 шақырым тереңдікте табылды. Нақты жері айтылмай отыр.

«Индианаполис» 1945 жылы 30 шілдеде атом бомбасы бойынша құпия қызметті атқарып келе жатқан жолда апатқа ұшырады. Ол кейіннен Хиросимаға тасталған. Кемеде 1200 әскери болған. 316 адамды құтқарып үлгерген. Бұл американдық әскери флот тарихындағы ең үлкен апат болды. Кеме 12 минуттың ішінде тұңғиыққа түсіп үлгерген. Сондықтан ұзақ уақыт кеменің қайда екенін табу қиындық тудырған. 300 адам кемемен батып кеткен, қалғандары шөл, галлюцинация мен акуланың шабуылынан көз жұмды. Американдық әскери базасына кеменің апатқа ұшырағаны туралы ақпарат жетпегендіктен тірі қалғандарды тек төрт күннен кейін ғана тапқан.

Қатысты Мақалалар