ШҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170822090931058_small.jpg

Аймақ басшысы Даниал Ахметов жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке осыған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақты-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарған Шалқар Байбеков тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шалқар Байбеков 1967 жылы 6 ақпанда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақстан мемлекеттік басқару академиясының «Экономика» мамандығы бойынша білім алып, 2001 жылы Қазақстан мемлекеттік заң академиясының «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдайды.

Қызмет жолын 1988 жылы Семей облысы мемлекеттік сақтандыру инспекциясының Жаңасемей ауданы аға инспекторы лауазымынан бастаған.

1990 жылдың шілде айынан бастап Семей салық инспекциясы саласында қызмет етті. 1999 жылдан бастап Павлодар, кейін Астана, Қарағанды Салық комитеттерінің төрағасы болады.

2008-2014 жылдар аралығында Астана қаласы Салық Департаментінің Есіл ауданы бойынша салық басқармасы басшысы қызметін атқарады.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов жаңа орынбасарын таныстыра отырып, Шалқар Байбеков аграрлық секторды дамытудағы маңызды сұрақтарды шешуде өз тәжірибесін тиімді пайдаланады деген сенімін білдірді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар