Сабария Хусейн мешіт жамағаттарына мыңдаған тағамдар дайындау арқылы қала үмбетінің өміріне белсенді араласуда.
Канададағы Монреаль қаласының тұрғыны 70 жасар Сабария Хусейн күнделікті 300 адамға ас дайындайды. Өзі дайындаған ас пен суын мұсылман әйел үйсіз-күйсіз жандарға таратады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Мұсылман әйел Канадада 30 жылдай уақыт өмір сүріп келеді, бұл елге Куала-Лумпурде халықаралық аспаздық курсын тәмамдаған соң келген болатын. Қазір Сабария Хусейн мешіт жамағаттарына мыңдаған тағамдар дайындау арқылы қала үмбетінің өміріне белсенді араласуда.
Бұдан бөлек, Сабария жергілікті шіркеу келушілерімен де етене араласады, осылайша ол дініне, нәсілі мен жынысына қарамай, мұқтаж жандардың бәріне қол ұшын беріп келеді. Өзінің егде тартқан жасына қарамастан, ол өзінің «Біздің екінші үйіміз» атты әйелдер үйін де шырқ үйіріп басқарып отыр.
Пікір қалдыру