Ирак әскерлері өз жерін ДАИШ террористік ұйымының жауынгерлерінен 2 айда тазарта алады. Бұл туралы Известия басылымына Ресейдегі Ирак елшісі Хайдар Хади айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Ирактағы террористердің саны тым аз. Олардың қашып құтылатын жері де қалмады. Сол себепті соңына дейін күресуден басқа амалдары жоқ», – деді елші. – Террористер қоныстанған аймақтарда қозғалыс барысы үдей түсті. Бұл – ДАИШ-тықтардың рухын түсіреді. Жеңіске жетуге кем дегенде 2 ай қалды деп айта аламын».
Дипломаттың айтуынша, Иракты қалпына келтіру жұмыстарына кейбір мемлекеттер қолдау көрсету үстінде. «Кейбір мемлекеттер Иракты қайта қалпына келтіру міндеттеріне кірісті. Ресейлік компаниялар да бұл процеске өз үлестерін қосып жатқанын айта кету керек», – деді. Сондай-ақ, террористерден азат болған Мосулды қайта қалпына келтіру жұмыстарына $1 млрд. кететінін мәлімдеді.
Пікір қалдыру