​Ресей Федерациясы Кеңес Одағының соңғы сыртқы қарызын қайтарды

/uploads/thumbnail/20170822095105266_small.png
Ресей Үкіметі Босния мен Герцеговиния алдындағы 125,2 млн. доллар берешегін түгел қайтарды. Бұл КСРО-дан қалған соңғы қарыз деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасай отырып.
РФ Үкіметі мен Босния және Герцеговиния министрлер кеңесі өзара келісім жасап, қарыздың өтелгені туралы құжатқа қол қойған.
Ресей Қаржы министрлігінің хабарлауынша, екі жақты несие беру шарттары бойынша Ресей Федерациясының Корея Республикасына қайтаруы тиіс 594,3 млн. доллар көлемінде сыртқы қарызы қалған. Бұл қарыз 2025 жылдың соңына дейін қайтарылмақ.
 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар