Кеше АҚШ тұрғындары күннің тұтылуына куә болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Аталған құбылыс 99 жылдан бері болмаған құбылыс екен. Шетелдік БАҚ-тың деректеріне сүйенсек, бұл құбылысты миллионнан астам адам тамашалаған. Табиғи құбылысты елдің басты телеарналары мен NASA сайты тікелей трансляция арқылы көрсеткен екен.
АҚШтың кей аудандарында Ай Күннің бетін 2 минут тұтастай жапқан көрінеді. Ал Орегон штатында орналасқан Мадрас қаласын қаратүнек басқан. Аталған ұалада 7 мыңдай адам тұрса да, таңғажайып табиғат құбылысын тамашалағандар саны 100 мыңнан асқан екен.
Ал мемлекет басшысы Дональд Трамп Ақ үйден отбасымен бірге тамашалапты.
Пікір қалдыру