Вилли Монро: «Головкиннің жеңіске жеткенін қалаймын»

/uploads/thumbnail/20170822100526774_small.jpg

Орта салмақтағы чемпион титулынан бұрынғы үміткер америкалық Вилли Монро, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Айта кетейік, 16 қыркүйекке белгіленген жекпе-жекте Вилли Монроның өзі де екінші рет әлем чемпионы титулы үшін таласады. Ол ұлыбританиялық Билли Джо Сондерспен жекпе-жек өткізеді.

«Өтірік айтпай-ақ қояйын. Мен Головкин-Альварес жекпе-жегін асыға күтіп отырмын. Мен де –боксшымын, сондай-ақ, мен де – жанкүйермін. Екеуіне де ұлы боксшылар ретінде қараймын. Билли Джо Сондерспен жұдырықтасып болған соң, WBO титулымен Головкин-Альварес жекпе-жегін қараймын», – дейді америкалық боксшы.

Сонымен қатар, Вилли Монро бұл жекпе-жекте кімнің жеңіске жетуі мүмкін екенін айтып өтті.

«Әзірше кімнің жеңетінін айта алмаймын. Мен олардың біреуімен жекпе-жек өткізгім келді. Бірақ, меніңше, «Канело» Головкинді жеңе алады. Әрине, Головкиннің де жеңіске жеткенін қалаймын. Головкин жеңсе, реванш ала аламын. «Канеломен» өтетін жекпе-жектің маған көп ақша әкелетінін білемін, бірақ Головкинмен де жұдырықтасқым келеді», – деп келтіреді Монро.




Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар