Италияның батысындағы Искья аралында магнитудасы 3,6 баллдық жер сілкінісі орын алды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпараттық агенттігі haberturk.com сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 25 адам жараланып, 1 адам мерт болды. Жер сілкінісінің эпицентрі Искья аралына жақын жердегі тереңдігі 10 шақырым болатын жерде тіркелген.
Ақпараттарға сүйенсек, Казамиччола-Терме қаласында бірнеше ғимарттар қираған. Ол жақта жаралылар бар, бірнеше адам із-түссіз жоғалып кеткен. Оларды іздестіру жұмыстары басталды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 24 тамызында Италияның Аккумоли мен Аматриче қалаларында 6 баллдық жер сілкінісі орын алған болатын. Салдарынан 300-ге жуық адам қайтыс болған.
Пікір қалдыру