Сирия аумағында 800 лаңкестің көзі жойылды

/uploads/thumbnail/20170822121911599_small.jpg

Ресейдің әскери операциясы барысында осы айдың ішінде Сирия аумағында бекінген 800 лаңкестің көзі жойылған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Тек соңғы 5 тәулік ішінде ғана 819 әуе шабуылы жасалып, «Ирак пен Левант лаңкестік тобына» тиесілі 40 техника күл-талқан болды. Бұл мәліметті Ресейдің Қорғаныс министрлігінің өкілдері жария етіп отыр. Негізі қазір Сирия аумағында 3 қауіпсіз аймақ бар.

Ресейлік әскерилердің айтуынша, Астана процесі барысында қол жеткізілген келісімдер арқасында бұл елде гуманитарлық апатқа жол берілмеді. Өйткені Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Халықаралық Қызыл крест комитеті осы қауіпсіз аймақтарға 14 мәрте көмек жеткізген. Ал Ресейдің жүк тасымалдайтын ұшақтары бір ай ішінде содырлардың қоршауындағы Дэйр-эз-Зор қаласына шамамен 300 тонна азық-түлік пен дәрі-дәрмек апара алды. Әскерилер: «Дәл осы шаһар «Ирак пен Левант лаңкестік тобынан» азат етілсе, атышулы ұйым жендеттеріне ойсырата соққы берілуі тиіс», – деп отыр.


Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар