Лондондағы Биг-Бенді қайта құру үшін тоқтатылды. Ол жобамен 2021 жылға дейін созылады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпараттық агенттігі BBC Украина сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сағаттың соңғы қоңырауы кеше түсте естілді. Енді сағаттың өзін де, мұнараны да қайта жөндеуден өткізеді. Сағатты бөлшектеп – төрт циферблатын тазалап, жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Қайта жөндеу жұмыстарын жүргізетін жұмысшылардың қауіпсіздігі үшін Биг-Беннің механизмін тоқтатуға мәжбүр болған. Алайда ерекше жағдайларда, мысалы, жаңа жылдық кеште сағаттың қоңырауы қайта қосылатын болады.
Биг-Беннің жөндеу жұмыстары 37 млн. долларға бағаланды.
Еске сала кетейік, Биг-Бен – Лондондағы Вестминстер сарайындағы алты қоңыраудың ең үлкені. Сағат мұнарасы Лондонның әйгілі символы болып саналады. Соңғы рет Биг-Бен 2007 жылы тоқтатылған болатын, оған дейін 1983-1985 жылдары жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Пікір қалдыру