Экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары қаржы әлемінің жаңа дағдарысқа дайын емес екенін айтып, сондай-ақ еуроның болашағына алаңдаушылық танытып отыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Олардың пікірінше, жағдайдың қалай өрбитіні саясаткерлерің жаңа өзгерістерге деген әсерінің қандай болатынына байланысты.
«Егер Вашингтондағы америкалық әкімшілік бақылауды жіберіп алса, дағдарыстың орнайтыны да анық», – деді 2007 жылғы лауреат Эрик Маскин.
Лауреаттардың айтуынша, жаһандық сандық желілердегі қаржы дағдарысына дайындыққа талпыну – иллюзия ғана.
«Бұл мәселелерді бақылап, сондай-ақ басқарып отыратындай бізде құрал-жабдықтар жоқ. Сол себепті қаржы дағдарысының болатыны күмәнсіз», – деді 2000 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Дэниэл Макфадден.
Экономистер еуроға қатысты жағдайдың да мәз емес екенін жеткізді.
«ЕО қазыналық саясатты енгізіп, әлсіз мемлекеттердің экономикалық тоқырауымен күресе алған жағдайда ғана еуро бір қалыпты сақтайтын болады», – деді Макфадден.
Сондай-ақ Ресей экономикасының келешекте жаһандық дамудың соңына ілесе алмай қалуы мүмкін екенін мәлім етті.
Пікір қалдыру