Ақтөбе облысында 22 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме беріп.
9 мектеп Білім күні пайдалануға берілсе, тағы 4 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде 3 ауысымда білім беретін №16 мектептің тең жартысы жойылады. Биыл №39 білім беру мекемесіне ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстары жасалды.
Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 913 млн. теңге бөлінген. Мысалы, қалаға қарасты Ясное ауылындағы №41 орта мектептің жылу жүйесі толықтай жаңғыртылды. Ал мектепке лайықталған балабақшада 600 бала тәрбие алып жатыр. Ауылдық округте қазір жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Нысан келесі оқу жылында пайдалануға беріледі. Сол кезде бұрынғы ғимарат қайтадан балабақшаға беріледі.
Пікір қалдыру