Италия елінде орманды өртеген өрт сөндіруші ұсталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Павия қаласындағы орман жиі өртенгендіктен, арнайы күзет қойылған. Италияның полиция қызметкерлері 28 жастағы ер адамның орманды өртеп жатқанын видеоға түсіріп алыпты. Кейіннен орманды өртеген ер адамның өрт сөндіруші екені белгілі болған.
Тергеу кезінде ол орманды не үшін өртегенін айтып берді. Оның айтуы бойынша, ол орманды өртеп, кейін өртті сөндіргісі келген. Ал бұндай іс-әрекетке баруының себебі адреналинді сезініп, тәжірибе жасап көргісі келген.
Өрт сөндірушінің сөзінше, ол америкалық сериалдардағы өрт сөндірушілердің батырлығына қызыққан. Ол Италияның солтүстігінде тұрады екен. Ал ол жақта орналасқан ормандарда өрт жиі болмайды. Сондықтан өрт сөндірші өз еркімен орманды өртеп, кейін өзі көрген сериал кейіпкерінің қаһармандығын қайталағысы келіпті.
Пікір қалдыру