Әлеуметтік желідегі жезөкшелер

/uploads/thumbnail/20170822133841531_small.jpg

Әлеуметтік желі –қоғаммен байланысқа шығатын ең ыңғайлы құрал. Кейбіреулер үшін бизнес көзі болса, елдің аузында жүрген жұлдыздар үшін өз жеке өмірі мен шығармашылығын жарнамалаудың ең тиімді тәсілі. Қазіргі таңда бұл қалыпты жағдайға айналған. Алайда, ең сорақысы,  әлеуметтік желі – бүгінгі таңда қыз-келіншектердің тәнін көрсетіп, оны лүпіл (лайк) үшін саудалаудың қайнар көзі болып отыр.

Кез келген желіні ашып қалсаң, қаптаған қыздардың жартылай жалаңаш суреттері.

Кез келген қыз әлеуметтік желіге тәні көрінетін суретін жарияласа болды, өзге әлеуметтік желі қолданушылар қойға шапқан қасқырдай өзара дауласып, суреттегі қызды бастан-аяқ талқыға салады. Өзара қырылып, дауласып жататындардың дені – әйел адамдар. Ал ер адамдар ондай суреттерге  түрлі «комплимент» айтып, қыздың тәніне қатысты түрліше пікірлер білдіріп жатады.  

Денелерін жалаңаштап, бүкіл елдің алдына паш ететін қыз-келіншектердің парақшасында оқырмандар саны мыңнан аспаса, кем емес. Жаз дәл осындай суреттердің мезгілі секілді.

Әлеуметтік желілерде еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін жеке парақша ашып, тіркеліп жатады. Таңның  атысынан кештің батысына дейін телефонға үңіліп,  жақын адамдармен әңгіме дүкен құру дегенді мүлде ұмытады. Ал, жастайынан түрлі қыздардың жалаңаш денесін көріп өскен баланың психологиясы қалай дамиды, оның қыздарға деген көзқарасы қалай қалыптасады?! Иә, мұны елеусіз қалдырып, түкке тұрғысыз мәселе ретінде қаралатын шығар. Алайда, бұл – қоғамның дерті, ұлттың болмысына, ұрпақ болашағына әсер ететін күрделі мәселе. Алайда, бұған ешкім де тыйым сала алмайды, себебі кез келген адамның өзінді жеке құқығы бар. Қыз-келіншектердің  ақылына сеніп, ойланар деген үміттеміз...

 Гүлім Лепесбай

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар