Ерке Есмахан ән шығарып іздеген жігіт оған жауап берді. Танымал әншінің "қайда, қайда" деп іздеген жігіті өзі екенін ән арқылы жеткізді. Жас әнші Қанат Тоқтаров елімізге белгілі әнші Ерке Есмаханның "Қайда" әніне жауап ретінде "Қайдаға жауап" әнін жарыққа шығарған. Бұл әннің мәтінінде "Ерке Есмахан, сен іздеген жігіт менмін" деген сөздер кездеседі. Әннің сөзі мен ырғағы жеңіл, әрі құлаққа жағымды естіледі екен. Кеше ғана жарыққа шыққан әнді 5000-нан астам адам тыңдап үлгерген. Бұл жас әнші үшін жақсы жетістік секілді. Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ерік Шамшабековтың Youtobe арнасына сілтеме жасай отырып оқырман назарына ұсынады.
Еске сала кететін болсақ Ерке Есмаханның "Қайда" әні қырғыздан ұрланған болуы мүмкін деген де пікірлер кездескен болатын.