Колумбияда су тасқынынан 3000 адам зардап шекті

/uploads/thumbnail/20170823161750344_small.jpg

Колумбияның батысындағы Чоко аймағында  апта бойы толассыз жауған жауыннан Лоро қалашығын су басты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.ru-ға сілтеме беріп.

Тасқыннан 1 мыңнан аса үй бүлініп, 800 отбасы қауіпсіз жерге көшірілді. Табиғат апатынан  қаза тапқандар туралы  ақпар жоқ. Құтқару жұмыстарына әскерилер жұмылдырылған. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше,  5 бірдей өзен арнасынан асып, елді-мекендерге  қауіп төндіре бастаған.

Ауа райын болжаушылар  келесі апта да  жауынды болады деп ескертті.  Ал АҚШ-тың орталық аймағында  жауған жаңбырдан кейін Канзас-сити қаласының  оңтүстік бөлігінде тасқын жүріп, үйлерді су басты. Әзірге табиғат апатынан  жапа шеккендер туралы  мәлімет жоқ.


Қатысты Мақалалар