Грузия өзге елдерден өрт сөндіру үшін жәрдем сұрап отыр

/uploads/thumbnail/20170728102122058_small.jpg

Грузиядағы орман өрті ырық берер емес. Жергілікті билік  өздерінің шамасы жетпеген соң  өзге елдерден  жәрдем сұрап отыр. Әзербайжан, Түркия мен Беларусь  көмек қолын созуға  әзір екендерін жеткізді.  Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Ал мамандар  осымен үшінші күн Боржоми шатқалындағы тілсіз жаумен күресіп жатыр. Алайда арнайы техниканың орманды алқапқа қатынауы қиынға соғып тұр.

Соңғы мәлімет бойынша  от 12 гектар аумақты  шарпып үлгерген. Боржоми шатқалында өршіген өртті сөндіруге жарты мыңға жуық адам жұмылдырылды. Алайда қызыл жалын ырық берер емес. Қазір апатты аймақта төтенше штаб құрылып, оны Грузия Премьер-министрінің өзі басқарып отыр. 

Қатысты Мақалалар