АҚШ-тың Миссури штаты Сент-Луиста автокөлік жүргізушісі еске алу акциясына жиналған бір топ адамды қағып кеткен деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.
Төтенше жағдайдан бірнеше адамның зардап шеккені белгілі болды. Осы айда мұндай оқиға екінші рет қайталанып отыр. 12 тамыз күні осындай акция кезінде 20 жастағы көлік жүргізуші неонацист үлкен жылдамдықта бір топ адамдарды қағып кеткен болатын. Нәтижесінде 32 жастағы әйел көз жұмып, тағы 19 адам зардап шеккен.